2020 жылғы 13 сәуірдегі №6 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Алматы облысының Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы

13 сәуірдегі №6 қаулысына

толықтырулар мен өзгерістер

енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Карантиндік шараларды күшейту туралы» 14.04.2020ж. №33 және «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Карантиндік шараларды күшейту туралы» 14.04.2020ж. №33-ПГВр қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 17.04.2020ж. №34 қаулыларына сәйкес, Алматы облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі «Алматы облысының аумағында шаруашылық және (немесе) өзге де қызметі мен тұрмысының ерекше шарттары бар карантин енгізу туралы» №6 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
  • 2 тармақтың 1) тармақшасы толықтырылып және келесі редакцияда жазылсын:
  • «2. Аудандар мен қалалардың, ауылдық округтердің әкімдері, Алматы облысының полиция Департаменті және басқа да мүдделі қызметтері қамтамасыз етсін:

1) «басқа облыстармен шектесетін облыс аумағының периметрі бойынша полиция қызметкерлері (әскери, әскери міндеттілер және басқалар), медицина қызметкерлері, көлікті дезинфекциялық өңдеу үшін мамандар қатарынан блок-посттар орната отырып, байланыссыз термометрия жүргізу және бекеттерге келуші тұлғаларға сауалнама жүргізуді. Полиция және әскері қызметкерлерін тарта отырып, COVID-19-мен сырқаттанушылық тіркелген ауылдық елді мекендерді қоршауды.»;

  • 2 тармақ 19) және 20) тармақтармен толықтырылсын және келесі редакцияда жазылсын:
  • «19) медицина қызметкерлерінің тұрғындардан, отбасынан оқшаулап, тазалық және демалыс үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, стационардан тыс (қонақ үйлер, санаторийлер және т.б.) тұру мәселесін шешу. Бөлмеге 1 немесе 2 адамнан, бөлек орналастыру.»;
  • «20) медицина қызметкерлерін карантиндік стационарлар мен тұратын жерлерден/ауруханаға тасымалдау үшін көлік бөлу. Тұрақты жүргізушілерді бекіту және оларға медициналық бақылау жүргізу.»;
  • 2 тармақтың 4) тармақшасы келесі мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:
  • «Мемлекеттік тіркеуді растайтын куәлікті (шаруа қожалығы, фермер қожалығы, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), жеке куәлікті, сондай-ақ қызметкерлер үшін жұмыс орнынан анықтаманы ұсынған жағдайда (еркін үлгідегі анықтама) көктемгі егіс жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын, оның ішінде омарташылық шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге тартылған тұлғалардың көлігін қоспағанда, жеке көліктің облыс, қала, аудан және ауылдық аймақ ішінде орын ауыстыруын шектеуді.»;
  • 5 тармақ келесі мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:
  • «жеке тұлғаларға қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктер, айырбастау пункттерінің қызметін онлайн жұмыс режиміне және «клиенттерге дейін жеткізу» принципі бойынша көшіру арқылы тоқтата тұруды.»;
  • «қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұруды.»;

5)  4 тармақтың 2), 3) тармақшалары алынып тасталсын;

6)  5.1. тармақтан келесі тармақшалар алынып тасталсын:

  • «санитарлық-дезинфекциялық шараларды күшейте отырып және келушілер арасындағы қашықтықты кемінде 1 метр сақтай отырып, әдеттегі режимде жеке орналасқан пошта байланысы объектілері және екінші деңгейдегі банктер.»;
  • «елді мекен ішіндегі қоғамдық көлік. Қалалық және аудандық автобустардың толымдылығы отырғызу орындарының 40% – нан аспауы тиіс. Қоғамдық көлікте қорғаныш маскасыз жүруге тыйым салынады. Дезинфекциялау және жуу құралдарын қолдана отырып әрбір рейстен кейін автобустарды, қоғамдық көлік аялдамаларын өңдеу (күніне кемінде екі рет).»;

7)  5.1. тармақ келесі мазмұндағы тармақпен толықтырылсын:

  • «төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімін алғанға дейін жеке орналасқан почта байланысы объектілері.».
  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Алматы облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                    К. Баймухамбетов

Мәліметпен бөлісу: