Ағаш отырғызу акциясы өтті

«Еліңнің  ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі үшін еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа» -деп Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай,  рухани жаңғырудың бір бөлімі  «Туған жер» бағдарламасына арналған.  Әрбір азамат өз туған жерін, өскен ортасын бірінші орынға қоюы керек.Шама шарқынша өз туған  ауылының көркейіп, гүлденуіне  көмектесуі керек. Елбасының рухани жаңғыру мақаласы аясында,  Лепсі ауылдық округінде ағымдағы жылдың қазан айының 12 күні жалпы облыстық ағаш отырғызу акциясы өтті. Игі шараның мақсаты – ауылды  көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру арқылы табиғатты сақтау. Аталмыш ағаш отырғызу акциясына мемлекеттік қызметкерлерден бастап орман шаруашылық саласы, білім беру саласы, өртке қарсы саласы,  денсаулық сақтау саласы қызметкерлері, кәсіпкерлер, жастар мен ауыл тұрғындары белсенді қатысып, 100-ге жуық көшет отырғызды.

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын…» дегендей, бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті. Халықтың денсаулығы мен ұрпақ болашағына оң әсерін тигізіп,  туған ауылының көркеюіне  үлес қосып, қалыс қалмау- әрбір азаматтың борышы.

Мадина Смакова.

Лепсі ауылының жастар ісі бойынша әдіскер нұсқаушысы, БПҰ мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: