Ақпарат орталығы ашылды

Аудандық сот ғимаратында ақпарат орталығы – фронт-офистің ашылу рәсіміне Алматы облыстық сотының судьясы    Нұргүл Жекенова, Алматы облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы Манас Борашев, Сарқан аудандық сотының төрағасы Ержан Байболов, судья Гүлназ Баубекова, Сарқан ауданының әкімі Марат Разбеков, аудандық мәслихат хатшысы Қадыр Абдрахманов, Сарқан аудандық газетінің бас редакторы Жомарт Игіман, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Қадыл Жанасбеков, медиатор Күлшарбан Қалиева, Сарқан ауданының прокуроры Ерлан Андабаев, Сарқан аудандық АПБ бастығы Ербол Ахметқалиев, ҚР ҰҚК Алматы облысы бойынша Департаменті Сарқан аудандық бөлімінің бастығы Жәнібек Жапаров,  адвокат Александр Огай және сот қызметкерлері қатысты.

Сарқан аудандық сотының төрағасы Ержан Қалимолдаұлы өз сөзінде фронт-офистің жұмысы азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасауға, бүгінгі күннің талаптарына сай келетін қызмет көрсетуге және «Үлгілі сот» жобасының аясында сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айта кетті.

Аудандық сотта халыққа қызмет көрсету бойынша қазіргі заманғы стандарттарды ескере отырып «OpenSpace» азаматтарға қызмет көрсетудің кедергісіз принциптеріне толығымен көшті. Жұмыстың жақсартылған форматы келушілер үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Кез келген мемлекеттік орган сияқты сот қызметі де халықтың нақты сұраныстарын қамтамасыз етуге бағытталған. Оны ашық, тез әрі сапалы өткізу өте маңызды. Адам мейлінше аз уақыт жұмсап, барынша мол нәтижеге жетуге тиіс. Бүгінде халықтың соттарға сенімінің деңгейі көбіне осыған байланысты. Осы міндеттердің көбісін фронт-офис шешуге тиіс.

Фронт-офисте аудан тұрғындары  кәсіп-қой медиаторлар мен адвокаттардан консультациялар ала алады, сондай-ақ сотқа дейінгі реттеу арқылы дауды шешу мүмкіндігіне ие болады.

Л. Саяхмет,

аудандық соттың жетекші маманы.

Мәліметпен бөлісу: