Ағылшын тілінен сынға түсті

«Астананың 20 жылдығы» аясында  Сарқан гуманитарлық колледжінде «Бастауыш білім беру» ПЦК-сының ұйымдастыруымен Сарқан ауданы мектептерінің 9-сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен «Best of the best» тақырыбында олимпиада өткізілді.

Үштұғырлы тіл заман талабы, еліміздің рухани жаңғыруына қосар үлесі зор болғандықтан, аудан мектептерінің оқушылары арасында ағылшын тілін насихаттау, дамыту, тереңдету, кәсіби бағдар беру басты мақсат. Тілдердің үш тұғырлығы идеясына Елбасы нақты анықтамасын да берді: қазақ тілі мемлекеттік дәрежесінде мемлекет өмірінің бар саласында «бүкіл қоғамымызды біріктіруші» қызметін атқарса, орыс тілі ұлттар арасындағы қарым-қатынастарға қызмет етеді, ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етеді. Осыдан артық қандай нақтылы анықтама керек?

Байқау барысында қатысушылар белсене қатысып I, II, III орындармен марапатталды. I орынды Абай атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Ермухамбетова Аяна, жетекшісі Алжанова Ж.  иеленсе, II орынды №1 мектеп-гимназиясының оқушысы Төлеген Асанәлі, жетекшісі Дубээн Е. және Черкасск орта мектебінің оқушысы Серікқали Ж., жетекшісі Нурман А. иеленді.  Сонымен қатар, III орынды Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық  мектеп – лицейінің оқушысы Төлеубай Л., жетекшісі Калиева Ш. және Қарауылтөбе орта мектебінің оқушысы Копбаева Н., жетекшісі Калимолданова А. иеленді.  Белсендік танытқан оқушылар Сарқан гуманитарлық колледжінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

 

Н.Садыкова,

Сарқан гуманитарлық колледжінің арнайы пән оқытушысы.

 

Мәліметпен бөлісу: