Ақын мұрасына – соны көзқарас

Өнер мен ғылым, білім – ха-лықты биікке алып шығар бірден-бір сара жол екенін санамызға сіңірген Абай сөздері Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласында кеңінен талқыланып жаңа ойларға бастайды. Расында да ұлыны ұлықтау – ұлт үшін кемеңгерлікке қадам. Ел Президенті  осы қадамға, арманға жетудің алтын көпіріне баса назар аударып отыр. Ақын мұрасы әрқайсымыздың көкейіміздегі ойларымызды дөп басып, ақиқатқа жетудің дара жолын сызып береді. 

Мемлекет басшысының «Әр қазақтың төрінде домбыра тұр-сын деген ұғым қалыптасқанын бәріміз жақсы білеміз. Сол сияқты әр шаңырақта Абайдың кітабы мен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы тұруы керек деп санаймын» деген толғамы  баршамыз үшін қағидаға айналуы керек. Шын мәнінде Абай деген сөз қазақ деген сөзбен синонимдес болып кеткені қашан.  Абай мұраты – ұлт мұраты.

Сания Елюбаева,

аудандық мәслихаттың

депутаты.

Мәліметпен бөлісу: