Адал ұрпақ – болашақтың кепілі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13 қадамын орындау мақсатында рухани – адамгершілік және азаматтық патриоттық тәрбиелеу мақсатында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клуб құрылды.

Оқушылардың болашақта мемлекеттік қызметшілер болатындығын ескере отырып, олардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылықтарын жандандыру қажет. Жуырда ашық есік акциясы аясында ерікті мектеп клубтары мүшелеріне мемлекеттік қызметке сенімін арттыру және мемлекеттік қызметшілердің жұмысымен таныстыру мақсатында аудан әкімдігінде экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында клуб мүшелері аудан әкімінің жұмыс тәртібі, аппарат қызметкерлерінің жұмысы және ғимаратымен танысты.

Мәліметпен бөлісу: