Адалдыққа ант берді

Өткен аптада аудандық қазынашылық басқармасында қызметке қабылданған жас маманның салтанатты түрде ант беру рәсіміне куә болыстық. Атап айтқанда бас маман-бас қазынашы қызметіне тағайындалған Рақима Жанатбек еліміздің Конституциясына оң қолын қойып, Отанға адал қызмет етуге ҚР мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің антын берді.

Жалпы аталмыш рәсім мемлекеттік қызметтің абыройын көтеріп, қызметкердің жауапкершілігін арттыруға ықпал ететіндігі сөзсіз.

Аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Ғ.Орынова жас маманға абыройлы міндетті адал атқаруға шақырып,  зор сенім артса, әріптестері игі тілектерін білдірді. Соңында қатысушылар тік тұрып мемлекеттік Гимнді шырқады.

Өз тілшіміз.

 

Мәліметпен бөлісу: