Қайырымдылық – адамгершілік белгісі

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.

Қойлық ауылдық округінде жылдағыдай «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы өтті. Биылғы акция «Менiң таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен басталды. Аталған  ауқымды шараның мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қараусыз қалған балаларды мектепке дайындап, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.

Ауылдық округтегі   аз қамтылған, көп балалы отбасындағы  балалар әртүрлі оқу құрал-жабдықтары мен киім-кешекті қажет еткен. Ауыл кәсіпкерлерінің қайырымдылық көмектері теңіздің тамшысындай болса да – балаларға қуаныш сыйлап ғана қоймай, бүлдіршіндердің бойына адамгершілікті дарытады. А.Қыдырманова, Г.Тустукпаева, М.Базылханова, М.Найманханова, Ж.Қасымханов, Л.Короткова, Р.Найман-ханова, Ж.Қауысбаев, Г.Есимбекова, Н.Жанатханов, Е.Полухина, Е.Мис-темиров, У.Куришбаев сияқты жеке кәсіпкерлердің қайырымдылық көмегінің арқасында 14 бала оқу жылына  сақадай – сай.

06

«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныта алатын жандардың арамызда әлі де бар екендігі қуантады. Олай болса, мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсеткен демеушілерге  ата-аналар мен балалардың  атынан үлкен ризашылығымызды білдіре отырып, еңбектеріңізге жеміс тілейміз.

 

М.Құдайбергенова,

Қойлық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы,

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

 

Мәліметпен бөлісу: