Қайырымдылық – иман айнасы

Қайырымдылық жасау міндет емес, әр адамның  адамгершілігі мен мейірімділігі шыңдалатын іс-әрекет. Бауырдың-бауырға деген мейірімі сынға түскен сындары заманда, жат адамның жасаған қайырымы ол көпке үлгі болатын игі іс. Осындай  жақсы бастамалардың басы-қасында жастар жүргені қуантарлық жәйт.

«Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ-нің филиалы «Сарқан аудандық жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен және Алмалы жастар ісі әдіскерінің қатысуымен  «Еріктілер жылы» аясында Сарқан қаласының азаматы жеке кәсіпкер Иманберлинов Асланның  демеушілігімен Алмалы ауылы Абай көшесінің тұрғыны, жалғыз басты, көпбалалы ана Иманбаева Найляның отбасына азық-түлікпен көмек көрсетті.

Жыл басынан бастау алған бұл шара қолдауын табары сөзсіз.

 Д.Байдуалиев,

Алмалы ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскері, Алмалы БПҰ мүшесі.   

Мәліметпен бөлісу: