Қалаулым!

Қалаулым-деген сөздің мағынасына үңіліп  қарайықшы. Қалаулым деген сөзді мен өз басым екі ғашықтың бір – бірін ұнатып қалу арқылы қосылуы  деп есептеймін.  Ал Евразия арнасындағы «Қалаулым» бағдарламасына мен мүлдем қарсымын. Себебі ел қорғайтын жігіттердің, ез болып сол жерде отырып алып қыздармен айтысып,ұрсысып отырғанын көріп,қазақ жігіттерінің осыншама ұсақталып бара жатқанына ішім ашиды.

Ал, қазақ қыздары ше?.. Тіпті айтарға сөз жоқ. Қазақ қыздарының өздері тұрмысқа шығу үшін күйеу  іздеп баруы тіптен ұят жағдай.  Қазақтың қара торы қыздары ұялмастан әке-шешеміз рұқсаттарын берді деп келіп отыруын қайтерсің.  Ата-бабамыздың өзі қызға қырық үйден тыйым жасамап па еді?! «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» деп бекер айтылмаған ғой. «Қалаулым» бағдарламасынан гөрі,елге пайдасын тигізер, мұқтаж жандарға көмек беретін  «Қарекет» сынды бағдарламалар көбейе берсе екен.  Қалаулым бағдарламасындағы қатысушыларға, аға-әпкелерге айтар ақылым келешек ұрпақ сіздерге қарап бой түзейтінін ұмытпағайсыздар!

Аружан Шакен,

 М.Маметова атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы.

Мәліметпен бөлісу: