Алматы облысының 465 еріктілері халыққа онлайн-режимде мемлекеттік қызметтерді алуға үйретті.

Алматы облысында еліміз бойынша алғашқы жоба жүзеге асырылуда. Жетісулық еріктілер ауыл тұрғындарын мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға үйретіп жатыр.

Бастаманы қызу қуанттағанның бірі Ұйғыр ауданы. Бүгін Шонжы ауылында еріктілерді оқыту лагері өтті. Шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Бейсекулова, сонымен қатар Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нурахуновтар қатысты.

Бүгінгі күні қызметтердің 80 пайызға жуығы электронды форматқа ауыстырылды. Карантин адамдардың көптеген мәселелерді қашықтықтан шешуді үйренуіне ықпал етті. Десе де, жаңа жүйені әлі игермеген де бар. Әсіресе ауыл тұрғындары. Сол себепті ерікті жастар елді мекендерде үйрету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінге 465 мемлекеттік қызмет түрі онлайн форматта көрсетілді. Оқыту лагеріне 17 аудан мен 3 қаланың еріктілері қатысуда.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Бейсекулованың ақпарынша, eGov порталы, телеграммадағы боттар, виртуалды кеңесшілер азаматтардың жергілікті халыққа қызмет көрсету орындарына баруын жеңілдеткен.


«Бұл мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетті. Бірақ бәрі де оны қалай пайдалану керектігін білмейді. Әсіресе, шалғай аудандарда. Egov.kz порталын пайдалануды жастарымыз үйретіп жатыр. Бұл біріншіден жылдам әрі уақыт үнемдейді. Кабинет аралап анықтама үшін сабылып жүрмейді» – дейді Ләззат Бейсекулова.

Мәліметпен бөлісу: