Алматы облысының аумағында шектеу шараларын күшейту туралы

28.03.2020г.    №4 

Талдықорған қаласы                                                город Талдыкорган

Алматы облысының аумағында

Қазақстан Республикасы

Президентінің «ҚР төтенше жағдайды

енгізу туралы» Жарлығына сәйкес

шектеу шараларын күшейту туралы

Облыс аумағында коронавирус инфекциясының енуінің және таралуының алдын алу үшін, сондай – ақ Алматы облысы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Қазақстан Республикасының «Азаматтарды қорғау туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына сәйкес,

 ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Алматы облысының аудан, қала әкімдері, полиция департаменті және басқа да мүдделі қызметтері қамтамасыз ету қажет: 
  2.  аудандар мен қалаларда, оның ішінде Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының шекарасында қосымша санитариялық бекеттерді ұйымдастыруды;
  3.  Алматы облысының аумағында, оның ішінде Алматы қаласының карантиндік аймағынан және Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының шекарасында төмендегілерді қоспағанда, жеке көліктер мен тұрғындардың қозғалысына шектеу қоюды:

        – азық-түлік тауарларын тасымалдау жөніндегі тұлғалар мен көлік,      сондай-ақ өңірдің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті мамандандырылған көлік, медициналық ұйымдар, мемлекеттік және құқық қорғау органдары, байланыс қызметі және жергілікті атқарушы органның рұқсатымен басқа ұйымдар;

        -медициналық көрсетілім бойынша тұлғаларды екі адамнан артық емес еріп жүруіне болатын, мынадай құжаттар болған кезде:

        -«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген 035-1/е нысанына сәйкес нақтамасы және емдеу жеделдігін растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы»;

        -нақтамасы және жеделдігі расталған, бірінші басшымен қол қойылған және елтаңбалы мөр қойылған  карантинді аймақта орналасқан медициналық ұйымның шақырту қағазы;

  •  әуежайдың, аудан, қалалық автобекеттердің, автовокзалдардың ауданаралық және қалааралық  автобустық қатынастарының жұмысын тоқтату, ресми такси қызметінен басқа жеке тасымалдауға тыйым салуды;
  •  темір жол вокзалдарына келген жолаушыларға сауалнама толтырумен, байланыссыз термометрия жүргізуді;
  •  азық-түлік емес мақсаттағы сауда орталықтарының, бизнес орталықтарының, интернет және компьютерлік клубтардың, ойын-сауық орындарының,  базарлардың жұмысына, жәрмеңкелер мен бейберекет саудаға тыйым салуды;
  •  меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметін тоқтата тұруды;
  •  полиция бекеттерін орнатып, халықтың жаппай жиналатын орындарына (саябақтар, скверлер, жағалаулар, спорт алаңдары, үй жанындағы балалар алаңдары) баруға тыйым салуды;
  •  уақытша діни мақсаттағы объектілерді (мешіттер, шіркеулер, бірлестіктер және басқалар) жабуды;
  •  азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты сағат 8-00-ден 20-00-ге дейін, ал екінші деңгейдегі банктердің, пошта байланысының, жекеше нотариустардың қызмет көрсету уақытын сағат 10-00-ден 16-00-ге дейін шектеуді;
  •  65 жастан асқан азаматтардың көшелерде жүріп-тұруын шектеу, оларға азық-түлік және дәрі-дәрмек жеткізуді;
  •  кәмелетке толмағандардың ата-анасының қарауынсыз өз бетінше жүріп-тұруына тыйым салуды;
  • бір отбасынан басқа, 3 адамнан артық топтардың қоғамдық орындарда болуына тыйым салуды;
  • үй жағдайында қонақтарды шақыра отырып, отбасылық іс-шаралардың өткізілуіне тыйым салуды;
  • қоғамдық орындарда және автокөлікте бетпердесіз жүруге тыйым салуды;

           2. Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына (Ысқақ Б.) қамтамасыз ету:

          1) медицина қызметкерлердің коронавирустық инфекцияға күдіктілермен және науқастармен қауіпсіз байланысын;

         2) медициналық қызметкерлердің денсаулығын қорғау және тұрғындармен қарым-қатынасты болдырмау мақсатында күнделікті дезинфекциялық өңдеуден өткізілген арнайы бөлінген автокөлікпен  қызметкерлерді тасымалдауды ұйымдастыруды;

         3) корноновирус жұқпасының клиникалық белгілері бар адамдарды оқшаулау және ерте айқындау мақсатында «Д» есепте тұратындарға, жүкті және егде жастағы адамдарға күнделікті телефон шалуды;

         4)  қоңырау шалу кезінде коронавирустық инфекцияның белгілері мен симптомдарын қамтитын медицина қызметкері үшін сауалнама әзірлеуді;

         5)  пневмония, ЖРВИ, катаральды көріністері және дене қызуы бар пациенттерді емханалардың негізгі кіре берістері мен стационардың қабылдау бөлімі арқылы өткізбей, көшеге қарай жеке кіру/шығу есіктері бар сүзгі арқылы сұрыптауды;

         6) стационарлар мен емханаларда жоспарлы қабылдауды шектеуді.

           3.     Тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді, жеке қорғану құралдарын, дезинфекциялау құралдарын өндіретін кәсіпорындардан басқа, шағын және орта бизнес субъектілерінің, өндірістік кәсіпорындардың (ТҚС, көлік жуу, сұлулық салондары және т.б.) қызметін ерекше өкім шыққанға дейін тоқтата тұру, не қашықтықтан жұмыс режимін қамтамасыз ету.

            4. Жергілікті атқарушы орган бекіткен қосымшаға сәйкес өңірлердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін объектілер мен ірі өндірістік кәсіпорындар субъектілеріне қамтамасыз ету:

                   1) қызметкерлерді бөлінген автокөлікпен үнемі күнделікті дезинфекциялық өңдеп, тасымалдауды ұйымдастыруды;

                   2) дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, объектіге кіреберісте дезинфекциялық тосқауылдар (кілемшелер) орнатуды;

                   2) барлық өндірістік үй-жайларда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатуды;

                   3) әрбір ауысым алдында, объектіні өткізу пунктінде медицина қызметкері байланыссыз термометрияны (тепловизорлар, пирометрлер) пайдалана отырып сүзгі жүргізуді;

                   4) вирустық инфекциямен (жөтелдің, тұмаудың, жоғары температураның болуы) ауруына күдікті адамдар анықталған кезде 103 шақыруды;

                   5) дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күніне кемінде 3 рет үй-жайларды ылғалды жинау және желдетуді жүргізуді;

                   6) кәсіпорындардың тамақтану пункттерінде келесі іс-шараларды сақтауды:

                   – өзіне-өзі қызмет көрсетуге тыйым салу;

                   – персоналдың жұмыс кезінде бір рет қолданылатын қолғаптар мен маскаларды пайдалануын қамтамасыз ету (3 сағатта 1 реттен кем емес маскаларды ауыстыру);

        – жіті респираторлық жұқпалар (жоғары температура, жөтел, тұмсық және т. б.) бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу.

                   5. Қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне (объектілеріне):

                   1) қызметті тек қана тауарды (тағамдарды, сусындарды және басқаларды) тұтынушыға дейін бір реттік орамда жеткізу арқылы жүзеге асыру;

                   2)  персоналдың жұмыс кезінде бір рет қолданылатын қолғаптар мен маскаларды пайдалануын қамтамасыз ету (маскаларды 3 сағатта кемінде 1 рет ауыстыру);

                   3)  жіті респираторлық жұқпалары (жоғары температура, жөтел, тұмау және т. б.) бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеуді;

                   4) кіру және шығу жолында қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату;

                   5)   жұмыстың әрбір 3 сағаты және жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін есіктердің тұтқаларын, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын, эскалаторлардың, баспалдақтарды, есіктерді, тұтқаларды, едендерді дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жуып-шаю,  желдету және дәретханаларды, оның ішінде аулалардағы дәретханаларда  күшейтілген дезинфекциялық жинауды жүргізу.

                   6.  Ауыл шаруашылығы және құрылыс жұмыстары санитарлық және дезинфекциялық іс-шаралардың сақталуын ескере отырып жүргізіледі.

                  7. Полиция департаментіне және аудандық, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларына қамтамасыз ету:

                   1) жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда төтенше жағдай кезінде ҚР заңнамасына сәйкес дереу шаралар қолдануды.

                          8. Осы Қаулы 2020 жылдың 31 наурызында сағат 00.00 бастап

        күшіне енеді.  

Алматы облысының Бас

мемлекеттік санитарлық дәрігері                 К. Баймухамбетов

Мәліметпен бөлісу: