«Аналар аллеясы» салынады

Өткен жұма күні Бақалы ауылындағы Мәдениет үйінде  Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласындағы “Туған жер” бағдарламасы аясында  жерлестер форумы өтіп, онда ауылдық округтің тарихын, ауыл тұрғындарының өмірдеректерін қамтитын ақын-жазушы Жомарт Игіманның “Бақалы-бақ мекенім” атты кітабының тұсаукесері болды.

Форумға жиналғандар ауыл орталығынан “Аналар аллеясын” ашуға бəтуаласты. Болашақ ескерткіш орнына құрбандық шалынып, құран оқытылды. Қоғамдық қорға алғашқы болып аудандық мəслихаттың хатшысы Қадыр Абдрахманов (1 млн.теңге), кəсіпкерлер Асқар Құрманғалиев (1 млн.теңге), Мұратхан Рахтаев (500 мың теңге) қомақты үлес қосты. Форумда сөз алған Бақалы ауылдық округінің әкімі Арын Күрішбаев, Сарқан ауданының Құрметті азаматы Мейрамғали Қалиасқаров, Алматы қаласынан келген геология саласының қайраткері Сайын Қыдырманов, ауылдық қоғамдастық төрайымы Райхан Қияхметова, ауылдық әжелер кеңесінің төрайымы Райхан Ибраимова, кәсіпкер Амангелді Абдықадыров туған ауылын қастер тұтып, туған анасын құрметтейтін Бақалы тұрғындарының, ауыл түлектерінің игі шарадан тыс қалмай, ортақ мақсатқа жұмыла үлес қосатындығына  сенім білдірді.

Форум аясында ауыл түлегі Бауыржан Қатшыбековтың сөзіне жазылған «Бақалым менің» әнімен басталған Кербұлақ аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы жұртшылық назарына ұсынылды.

 

Өз тілшіміз.

 

Мәліметпен бөлісу: