Ардагерлер арасындағы сайыс

Биыл еліміз үшін ерекше жыл. Тәуелсіз, азат атанғанымызға 30 жыл. Ауданымызда осынау атаулы мерекеге орай сан түрлі іс-шаралар өткізіліп, тәуелсіздігіміздің мәртебесі одан әрі айшықталуда. Өткен аптада аталмыш мереке аясында аудандық ардагерлер үйінің ұйымдастыруымен қазыналы қарттарымыздың арасында шахмат және дойбыдан жарыс өтті. Алдын ала іріктелген ардагерлер арасындағы жарыс тартысты өтуімен ерекшеленіп, күні бойы жалғасты. Нәтижесінде шахмат ойынында Болат Қомашбаев І орын иегері атанса, дойбы сайысында Дәуренбек Уанов үздік деп танылды.

Барша жеңімпаздарды  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қадыл Жанасбеков құттықтап, қаржылай сыйлықтар табыс етті. І орын иегерлері ағымдағы жылдың қараша айының 12-сі өтетін облыстық кезеңде бақ пен бап сынайтын болады.

П.Жеңісхан.

Мәліметпен бөлісу: