Ардагерлердің ақжарма алғысы

Мен аудандағы 6000-ға жуық ардагерлер атынан ұлттық парктің басшысы Марат Қамиұлына, “Абдрахимов” шаруа қожалығының басшысы Абдрахимов Мират Хаматайұлына, жеке кәсіпкер Бейсенбеков Ерлан Нұрсайынұлына, ауылшаруашылығы кәсіподақ ұйымының төрайымы Мұқанова Гүлнар Тұрсынқызына, жеке кәсіпкер Атанов Алмас Алдабергенұлына ардагерлерге деген сый-құрметтері және демеушілігі үшін ағалық ризашылығымды білдіремін.

Жоғарыда аталған жомарт жандардың қарттарға қамқорлығы жыл сайын дәстүрге айналып барады. Сондықтан осы азаматтардың отбасына амандық, өздері басқарып отырған ұжымына келген тышқан жылы еңбектеріне табыс, береке-ырыс әкелсін!

Қ.ЖАНАСБЕКОВ,

аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы.

Мәліметпен бөлісу: