Ардагерлерді ардақтайық

19 қаңтар күні «Сарқан ауданының жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Рухани жаңғыру бағдарламасының “Рухани қазына” және “Тәрбие және білім” кіші бағдарламасын іске асыру, Астананың 20 жылдығына орай “Ардагерлерді ардақтайық” акциясы өтті.

Акция барысында жастар мен қарттардың сабақтастығын қамтамасыз ету, қоғамда ауызбіршілікті, патриотизмді, салт-дәстүрлер мен қарттарға құрметті нығайту мақсатында Құлақов №75 үйінің тұрғыны Подопленов Николай Александрович және Арычная №72 үйінің тұрғыны Колечит Нина Александровна атты жалғыз басты қарияларымыздың үйін аралап, қал-жағдайларын біліп, қарларын күреп, әлеуметтік көмек көрсетті. Қадірлі қарттарымыз көмек көрсеткен жастарға ақ баталарын беріп, ізгі ниетпен рахмет айтысты.

Ануар САЛИМБЕКОВ,
Сарқан қаласының әкімі аппаратының жастар
ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы.

Мәліметпен бөлісу: