Арнайы куәлік табыс етілді

Ауыл шаруашылығына арқа сүйеген аудан үшін аграрлы саланың өсіп-өркендегені аса маңызды. Ал сала жүгін өрге сүйрейтін білікті мамандарды дайындау бүгінгі күннің талабына айналғалы қашан. Берекенің бастауы қара жерде, төрт түлік малда екендігін ұғынған жандар қазіргі таңда осынау бастауларға батыл бет бұра бастаған.

Бұған жарқын мысал мемлекетіміздің «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 25 адамның 3 айлық мерзімді арнайы оқуды тәмамдап шыққандығын айтуға болады. Жуырда осынау жандарға аудандық әкімдікте «Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник» мамандығының толық курсын оқып шыққандығы туралы арнайы куәлік табыс етілді. Кәсіптік білім туралы куәлікті аталмыш шараға арнайы келген ҚР ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтер қауымдастығы заңды тұлғалардың бірлестігі оқу орталығының басшысы Бейбіт Бексұлтанова табыс етті. Тыңдаушыларды жоғарыда аталған мерзім ішінде мамандықтың қыр-сырына баулыған «Сарқан – Агро» АӨК атқарушы директоры Дәулет Икрамов заман талабына сай рөлі айқындалып келе жатқан осынау мамандықтың ауданның негізгі саласын дамытуда орны айрықша екендігіне тоқталып, бұл тұрғыда куәлік иегерлеріне зор сенім білдірді.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: