Асқақтай бер, Астана!

Аманбөктер ауылдық округінде Астананың 20 жылдығына орай ақпан айында «Асқақтай бер, Астана!» атты денсаулық күніне арналған қысқы спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Спорттық ойыннан, шаңғы жарысы, эстафеталық жарыс және жылжымалы ойын түрлерінен жарыс өтті. Жарысқа ауыл жастары, мектеп ұжымы, әкімдік және ауылдық округке қарасты «Жоңғар Алатауы» МҰТП қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар мереке күні ұлттық ойындардан «Қол күрес» және «Гір көтеру» ойындары ұйымдастырылды. Орын алған командалар мадақтама қағазымен және түрлі сыйлықтармен марапатталды. Демеушілік ауыл әкімдігі тарапынан болды.

 

А.АЙТМОЛДИН,

Аманбөктер ауылдық округінің дене шынықтыру әдіскері,

“Нұр Отан” БПҰ-ның мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: