Астана – арман қала

16 Наурыз күні Сарқан гуманитарлық колледжінде «Сазды-теориялық және халық аспаптар оркестрі» ПЦК-ның 10-күндігінің аясында Астананың 20-жылдығына арналған «АСТАНА – АРМАН ҚАЛА» атты патриоттық әндер байқауы өтті. Іс-шараға аудан және ауыл мектептерінен 18 үміткер қатысты.

І орынды Абай атындағы мектеп-гимназиясынан келген Дүйсенбек Шуақбол алса, ІІ орынды да Абай атындағы мектеп-гимназиясынан Тұрғанбек Даукен мен Сиқымбай Балжан иеленді. ІІІ орынды Қарабөгет ауылынан келген Арнауыт Ақниет, Н.Островский атындағы мектеп оқушысы Абакумова Оксана және Черкасск орта мектебінен Макежанова Мадина ие болды.Қалған байқауға қатысушыларға (жетекшілеріне ) алғыс хаттар тарту етілді.

У. АБИЛБЕКОВ,

Сарқан гуманитарлық колледжі арнайы пән оқытушысы.

Мәліметпен бөлісу: