Астанам – бас қалам

Мыңдаған жыл арман болған еліме,

Орнаса деп сәнді шаһар жеріме.

Жер әлемнің жақсысы мен басшысы,

Жиырма жылда шықты сенің төріңе.

Бұл күнде көз тоймайды сәулетіңе,

Ол да болса Алаштың дәулеті де.

Әкелген Толағайдың тауындай боп,

Ақорда қалашық тұр бір шетінде.

Көркіңе өнерменен білімің сай,

Жақсылық жаршысысың күнде ұдай.

Ақылды қала атандың жиырмада,

Жұмақтайсың адамға жердегі жай.

Бір түсте тояттанып тұра алмайсың,

Тас түлек көк жүзінде қырандайсың.

Адамзатты тартатын еліктетіп,

Ертегі ақыл жетпес қиялдайсың.

Сен үшін жазбақшымын жыр мен дастан,

Алып тұр ортасына жер мен аспан.

Атамасқа бола ма ер есімін,

Нұрсұлтан ғой орнатқан әуел бастан.

Астанам бас қалам,

Балапандай жас қалам.

Ел ордасы елдің,

Қарашығы көздің.

Сабырхан ЖАҚЫПОВ.

Мәліметпен бөлісу: