Атқарылған жұмыстар аз емес…

Алдымен Қарашыған ауылынан бастау алған есепті жиналыста ауыл әкімі Бектілеу Тоқтасынов атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу жасады. Округке қарасты елді мекендердің ауыл тұрғындары және шаруа қожалықтары көбінесе мал шаруашылығымен шұғылданатынын жеткізді. Қазіргі таңда ірі қара мал – 1273, қой мен ешкі – 5910, жылқы – 1273, құстар – 3352-ні құрайды. Ауыл тұрғындары мал шаруашылығымен қоса үй маңындағы жерлеріне бақша салып, өздерін азық-түлікпен қамтамасыз ететіндерін сөзге тиек етті. Есепті баяндамадан әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, білім беру салалары тыс қалған жоқ.

Аудан басшысы Марат Мелісұлы есепті баяндамасын Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттерді орындауда бірқатар оң өзгерістерге қол жеткізгендерін, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, жаңа жұмыс орындары ашылғанын айтты.

2019 жылы атқарылған жұмыстары мен қол жеткізген жетістіктерін халық алдына баяндады. Өңір басшысы шағын және орта кәсіпкерліктің деңгейін, салықтар және бюджеттің түсімін санамалап берді.

Лепсі ауылының әкімі Гүлнар Серікбаеваның ауылдық мәдениет үйінде өткен кездесуіндегі ауыл тұрғындары алдында 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебінде нақты іс-шаралар қамтылған. Жақында ауылда өсіп-өнген бірақ басқа қалаларда тұратын жерлестер ауылымызға «BORLI SPORT ALANY» атты спорт кешенін сыйға тартты. Спорт алаңының көлемі 1000 шаршы метрді құрайды. Биіктігі 6 метр. Спорт алаңының құрылысына 6,5 млн. теңге жиналып,  187 ауыл азаматтары атсалысты. Футбол ойыны үшін арнайы жабын төселген. Сонымен қатар ауылдың кіре берісіне ауыл азаматы, жанашыры Руслан Саттыбеков өз есебінен арка салып бергенін ескере кетті ауыл басшысы.

Ауыл ішінде 2 км жол жасалу үстінде. Оған 74 млн. теңге бөлінді. Лепсіден Балқаш көліне дейінгі 27 шақырым жолды жасауға жобалық-сметалық құжаттарының дайындалуына 2 млн. теңге бөлінді. Балқаш көлінің жағалауының инфрақұрылымына 97 млн. 773 мың теңге Алматы облысының тапсырмасымен жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. 2019 жылы 20 млн. теңгесі игерілді. Қалған 77 млн. 773 мың теңге 2020 жылы игерілетінін айтты. Дұрыс шешім қашанда кеңесе білген жерде деп Гүлнар Серікбаева ауылдастарына ақылға ақыл қосып, тірлікте бірлік болатынын үлкен жұмысты бірге атқаратындарын басты назарға қойды.

Көктерек  ауылының әкімі Серік Смағұлов өткен жылдың қорытын-дысын мәлімдеп, жаңа жылдың міндеттеріне жан-жақты тоқталды. Ұйымшылдық пен бірліктің арқа-сында тұрғындардың тіршілік деңгейінің төмендеуіне жол бермей, әрбір отбасының тұрмысын жақсартуға тырысып талмай еңбек етіп жүрген округ.

Аудан әкімі Марат Разбеков 2020 жылы атқарылатын жұмыстарға тоқтала кетті. «МТиК» ЖШС-ң су электр станциясын салу жобасы инвестициялық жоба ретінде танылмақ. Жобаны іске асыру мақсатында 20 тұрақты жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Аталған жобаны іске асыру үшін жеке қаржы есебінен 6 млн. 960 мың АҚШ доллоры көлемінде қаражат тартылады. Сонымен қатар «ВЭС 50 Мвт «Абай 2» ЖШС-гі 2019-2020 жылдары қуаттылығы 50 Мвт болатын жел электр станциясының құрылысы жобасы іске асырылуы жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру үшін жеке қаржы есебінен 19,4 млрд. теңге көлемінде қаражат тарту және 15 тұрақты жаңа жұмыс орнын ашу жос-парда, – дейді аудан басшысы.

ОЛҚЫЛЫҚТАРҒА ОРЫН ЖОҚ…

Аудан әкімі Марат Разбеков күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша атқарылған жұмыстарды және алдағы міндеттерді саралап берді. Ауыл тұрғындарының сұрақтарына осы жиында аудан әкімі,  ауыл әкімі, аудандық мекеме, бөлім басшылары тарапынан нақты жауаптар берілді. Аудан әкімі Лепсі, Көктерек, Қарашыған округтер әкімдерінің есебін тыңдап, кейбір маңызды мәселелерге байланысты өзінің сын-ескертпелерін жасады. Тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етудегі Елбасының өзге де тапсырмаларын орындаудағы олқы тұстарды әкімдердің қаперіне салды. Сонымен қатар ауылдық округтер қазіргі таңдағы өзекті мәселеге айналған Лепсі ауылының ауруханасын барынша сақтап қалуды өтініп сұрады.

ЕЛ ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛУДЕ…

Орынды ұсыныс пен өзекті мәселе ескерусіз қалған жоқ. Жастар жылының ашылуы салтанатында Мемлекет басшысы «Бастау» жобасының тиімді тәжірибесін атап айтқан болатын. Осыны ескерген жұршылық «Бастау» жобасымен облыс, аудан, ауылдарда жұмыссыз жүрген жастарды бір айға жуық тегін тренингтен өткізіп, білімдерін жетілдірді. Жобаға қатысушылар әр саланы меңгерген. Лепсі ауылында 17 адам тренингке қатысып, өздерінің жобаларын ақтап қайтарымсыз 505 мың теңгеге ие болды. Солардың бірі Ғалымжан Дәркенбаев өзінің жеке мал шаруашылығын дамытуын қарастыруда. Нұрбақыт Мадыханова ол да өзінің жеке сән салонын ашу жоспарында екенін айтып, аудан әкіміне деген алғыстарын білдірді. Сонымен қатар жастарды осындай оқуға бей-жай қарамай оқып, өз кәсіптерін ашуға шақырды. Игі іске елдің ризалығы шексіз.

Жұмыспен қамту, білім беру, мәдениет, спорт, діни ахуал, құқық қорғау, жастар саясаты салаларында да өткен жылы жасалған жұмыстарды баяндаған аудан әкімімен жұртшылықтың жүздесуі әр округте 2 сағаттан созылды. Ешқандай бүкпесіз, алдын ала қатталған хаттамасыз, ашық та жарқын өткен есептік кездесуден ел толғандырған мәселелеріне толыққанды жауап алып, разы көңілмен тарасты. Бірақ түйіні шешілмеген Лепсі ауруханасының мәселесі алда өз орнында сақталып, бір шешімі табылар деген үлкен үмітте қалды тұрғындар.

Мадина АЙТОВА.

Қарашыған – Лепсі – Көктерек.

Мәліметпен бөлісу: