Атамды мақтан етемін!

Қан майданнан аман келіп, шаңырақ көтеріп, 9 баладан немере, шөбере көріп, 2003 жылдың желтоқсанында бақилық болған атамды біздің әулет  әрдайым мақтан тұтады.

Аманбөктер ауылынан 1942 жылы соғысқа аттанған менің атам Шатырбай Алипов  Владивостоктан 6 ай дайындықтан өтіп, 218-Қызыл тулы полк құрамында басқыншы жауды  өз ұясында талқандауға үлес қосады. Жеңісті 1945 жылы Одер өзенінен өтіп, Дрезден қаласында қарсы алады.

Қытайдың Манчжурия өлкесін Жапон басқыншыларынан азат етуге қатысып, 1947 жылы елге оралған Шатырбай ақсақал Аманбөктерде сүт фермасының меңгерушісі, мал шаруашылығы саласында бригадир болып, зейнетке шықты.

«І және ІІ дәрежелі  Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен және Жеңістің 30,40,50,55 жылдығы мерекелік медальдарымен марапатталып, 1995 жылы  Н.Назарбаевтың арнайы қолсағатын иеленген. Ауданның экономикалық-әлеуметтік  жағдайын көтеруге қосқан үлесі үшін төсбелгілерімен, Лениннің 100 жылдығы медальімен марапатталып, Ауыс-палы Қызыл тудың иегері атанған.

А.Алипова,

немересі.

Мәліметпен бөлісу: