Қазақ халқы Абайға жүгінеді

Мемлекет Басшысының “Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан” атты мақаласы рухани өміріміздегі ұлы құбылыс. Кемеңгер тұлғаның өз заманында айтқан ғибратты ойлары, сәулелі сөздері бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан жағдайында  мәнін жойған жоқ.

Абай ілімінің басты категорияларының бірі – білім. Мақалада білім беру ісін заманға сай дамытудың қажеттілігі, бұл мақсатта ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығы, әлі де олқы тұстардың барлығы, оларды жетілдіру жолдары айқын көрсетіліпті. Өміріме керектінің барлығын кітаптан іздеп, кітаптан тауып жүретін кітапқұмарлар сапында мен де ғұмыр бойы ұлы Абайға жүгініп келемін. Бүгінгі таңда Абай сөзін жас ұрпаққа осы заманның әдіс-тәсілімен өтімді етіп, түсінікті етіп жеткізу өте маңызды.

“Бізге, Абай айтқандай, артық мақтанға салыну, өзгені қор, өзімізді зор санау, дау қуу әсте жараспайды. Әр қадамымызды анық басып, әлемде және елімізде болып жатқан оқиғаларды байыппен саралай білуіміз қажет. Тұрақтылық пен дамуымыздың кепілі болған татулық пен бірлікті бәрінен жоғары қойған абзал. Мемлекет мүддесін көздесек, әуелі сабақтастық сақталып, төгілген тер мен атқарған еңбектің далаға кетпеуін ойлайық”,-деп ескертеді Президент осы мақаласында. Демек халықтық мінезімізді, ұлттық қалпымызды өзгертіп алмай, бойымыздан талабымыз, еңбегіміз, терең ойымыз, қанағатымыз, рақымымыз табылса алдыда талай ауқымды істерді жүзеге асырарымыз анық.

Жанат Мұқашев,

Сарқан ауданының Құрметті азаматы.

Мәліметпен бөлісу: