Қазақстан – тірегіміз Астана –жүрегіміз

Астана – Қазақ елі болашағының қаласы. Ғасырлар бойғы бабалар арманын іске асырып, бас-аяғы төрт-бес жылда астана салған мемлекет тарихта болған емес. Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Жастардың еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейтуге, туған жерін сүйе білуге, Отанымызды өркендетуге білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу мақсатында 26-ақпан Сарқан гуманитарлық колледжінің жатақханасында тәрбиешілердің ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдығына орай “Қазақстан – тірегіміз, Астана – жүрегіміз” атты концерттік бағдарлама өткізілді.

Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала – жас қаламыз – өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда. Іс-шара барысында әсем қаламыз Астана туралы бейне фильм таныстырылып, колледж студенттері ән, бимен өз өнерлерін ортаға салды. Іс – шараны қорытындылау үшін колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Нурмолдина сөз алып: “Астана – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Уақыттан оза шапқан бүгінгі Астана – тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі, арманы мен тілегінің кепілі.

Құрметті студенттер, Қазақстанның бола-шағы сендер, сондықтан да саналы, білімді, адами қасиеттерің зор болып, ел сеніміне ие бола беріңдер”, – деп Астанамыздың 20 жылдық мерекесімен құттықтады.

Ж. БАЙТУГЕЛОВА,

Т. АТЧЕБАРОВА, Ж.АСАНКҮЛҚЫЗЫ,

Сарқан гуманитарлық колледжінің жатақхана тәрбиешілері.

Мәліметпен бөлісу: