БӘЙТЕРЕКТІ ОРДАМ – БАСТЫ ОРДАМ

Жуырда аудандық мәдениет үйінде Нұр-Сұлтан қаласы күніне арналған “Бәйтеректі ордам – басты ордам” атты аудандық әншілер байқауы өтті.

Әншілік өнерді жастар арасында кеңінен насхаттау, жас ұрпақты ұлттық өнеріміздің қыр-сырына баулып, үлкен сахнада өнер көрсетулеріне мүмкіндік жасау мақсатындағы   байқауға әр ауылдан әншілер қатысып, бақтарын сынады. “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” демекші І орынды бұған дейін де өрнекті өнерімен ел назарына ілініп жүрген Бекжан Қайратұлы жеңіп алды. ІІ орын Қарлыға Қасымбайдың, ІІІ орын Қыран Ерліктің еншісіне бұйырды. Ынталандыру сыйлығына Нұрбол Дарибаев ие болды. Байқауға қатысушылардың ешқайсысы да назардан тыс қалмай белсенділігі үшін бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: