«Балалар шығармашылық үйі» басшысы лауазымы орнына конкурс жариялайды.

Хабарландыру

        «Сарқан аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос мемлекеттік қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымы орнына конкурс жариялайды.

Бос орын:  Сарқан ауданы әкімдігінің «Балалар шығармашылық үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры

Мемлекеттік қосымша білім беру ұйымының орналасқан жері, толық атауы:  Алматы облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, М.Тынышбаев көшесі, 8 үй; оқушыларға қосымша білім беруді жүзеге асыратын Сарқан ауданы әкімдігінің «Балалар шығармашылық үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

     1) тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат;

2) білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, білім беру ұйымдары басшысының орынбасары лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

3) педагогтың бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог- шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру институттарының мамандарын қоспағанда).

Мемлекеттік қосымша білім беру ұйымы басшысының лауазымдық міндеттері:

Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдарын ұйымның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.

      Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы әлеуметтік, қосымша білім беретін коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара әрекетін ұйымдастырады.

       Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды.

Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.

       Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының мен қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды.

      Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады.

      Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдер балаларына арналған қосымша білім беру ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады.

       Басқару құрылымын анықтайды, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады.

       Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады.

      Педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңес пен қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.

       Оқу-материалдық базаны сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті сақтау және техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді.

      Педагогикалық кадрлар мен қосалқы персоналдарды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

       Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді.

       Есептілікті дайындауды және қажетті ұсынуды қамтамасыз етеді.

Барлық органдарда ұйымның мүддесін қорғайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

Лауазымдық жалақының мөлшері: Сарқан ауданы әкімдігінің «Балалар шығармашылық үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры, қызметтік айлықақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай 128 237 теңгеден 151 353 теңгеге дейін.

Құжаттарды төмендегі мекен жайда хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады. Құжаттар қабылданып болғаннан кейін аталған мекен жайда конкурс өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

      1) ұсынылатын нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО жеке үлгісіндегі құжат);

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

      6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

      7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

       8) “Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

      10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

      11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

      12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

      13) білім берудегі менеджмент бойынша 72 сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

      14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

        3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен расталуы тиіс.

          Осы көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

          Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынуға құқылы.

Кокурс өткізетін ұйымның мекен жайы:  Алматы облысы, Сарқан қаласы, М.Тынышбаев көшесі, 8 а; «Сарқан аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Байланыс телефондар: 8 (72839) 2-27-39, 2-12-51, 2-24-66; электронды адрес: sarkan_metod_kab@mail.ru.

Бөлім басшысы                                                     П.Имангазиева

Орынд.А.Жанибекова

21251

Мәліметпен бөлісу: