“Балдәурен бөбекжай” басшысының лауазымы орнына конкурс жариялайды.

Хабарландыру

        «Сарқан аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысының лауазымы орнына конкурс жариялайды.

Бос орын:  «Сарқан ауданының Екіаша ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Екіаша ауылындағы «Балдәурен бөбекжай бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі.

Мемлекеттік білім беру ұйымының орналасқан жері, толық атауы: Алматы облысы, Сарқан ауданы, Екіаша ауылы, Аманжолов көшесі, 74; мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеуді жүзеге асыратын «Сарқан ауданының Екіаша ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Екіаша ауылындағы «Балдәурен бөбекжай бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

      1) жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім;

      2)  педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл мектепке дейінгі ұйымда;

 3) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындарының оқытушыларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда).

Мемлекеттік білім беру ұйымы басшысының лауазымдық міндеттері:

Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның қызметін басқарады.

Педагогикалық кеңес жұмысын басқарады.

Оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерін бақылайды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін арнайы жағдайлар жасайды.

Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді.

Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді.

Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді.

Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады.

Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.

Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды.

Белгіленген тәртіппен қызметкерлердің біліктілік санатын беру (растау) жүргізеді.

Білім беру ұйымы туралы қажетті есепті дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.

Лауазымдық жалақының мөлшері: «Балдәурен бөбекжай бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі, қызметтік айлықақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай 77158 теңгеден 84060 теңгеге дейін.

Құжаттарды төмендегі мекен жайда хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады. Құжаттар қабылданып болғаннан кейін аталған мекен жайда конкурс өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

      1) ұсынылатын нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО жеке үлгісіндегі құжат);

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

      6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

      7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

       8) “Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

      10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

      11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

      12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

      13) білім берудегі менеджмент бойынша 72 сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

      14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

        3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен расталуы тиіс.

          Осы көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

          Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынуға құқылы.

Кокурс өткізетін ұйымның мекен жайы:  Алматы облысы, Сарқан қаласы, М.Тынышбаев көшесі, 8 а; «Сарқан аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Байланыс телефондар: 8 (72839) 2-27-39, 2-12-51, 2-24-66; электронды адрес: sarkan_metod_kab@mail.ru.

Бөлім басшысының м.а.                                                 Ж.Бейтек

Орынд.А.Жанибекова

21251

Мәліметпен бөлісу: