Баспаналы болу – зор бақыт

Бұл ұзақ жылдар баспана тауқыметін тартып, өзіне келер пәтер кезегін сарыла тосқандардың жүрегінен шығатын қуанышты лепес. Мемлекетіміз соңғы жылдары әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға айрықша қамқорлық танытып, қолдау көрсетуде. Сан түрлі атаулы әлеуметтік көмектен бөлек тұрғын үймен қамту мәселесін де оңтайлы шешуге ықпал етуде. Бұған жарқын мысал ауданымызда 2019 жылы ғана көпбалалы 35 жанұяға «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында екінші санаттағы жалдамалы тұрғын үйлер берілді.  

Оның 31-і Сарқан қалалық округі аумағынан баспана таңдаса, үшеуі Лепсі, енді біреуі Қойлық ауылдық округінен.  

Жаңа жыл қарсаңында үйлі болған бірқатар жанұя-ларға бас сұғып, хал-жағдайларын біліп шыққан болатынбыз. Наталья Поцукова, Нұргүл Шатырбаева, Салтанат Құмарбекова сынды көпбалалы аналар осындай      баспаналы болу ба-қыты бұйырғандар қатарында. Алды сегіз, арты төрт баланы бағып-қағып отырғандар осынау қамқорлық үшін аудан басшыларына зор алғысын білдірді. Жиі жалдамалы пәтер ауыстырып, біраз қиыншылық көргендер еңселі, жылы әрі кең ең бастысы өз үйлерінің болғанына айрықша қуанышты екендіктерін жеткізіп, ризашылықтарын ақтарды.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: