Бастауыш партия ұйымының форумы

Ағымдағы  жылдың 14-15 қараша күндері Астана қаласында «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтіп, барлық өңірлерден делегаттар шақырылды.

Елбасының тапсырмасымен алғаш рет өткізіліп отырған іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген 600 делегат, яғни бастауыш партия ұйымдары мен аймақтық және аумақтық партия филиалдарының басшылары және белсенді партия мүшелері қатысты.

Жиынның басты мақсаты – бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандырудың тиімді жолдары мен тетіктерін талқылау және үздік бастауыш партия ұйымы республикалық конкурсын қорытындылау. Аталған форумға «Нұр Отан» партиясы Сарқан  аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты  Түсіпов Мұрат Төлеуұлы  мен “Сұлтан” бастауыш партия ұйымының төрайымы, аудандық мәслихат депутаты Елюбаева Сания Аблайханқызы  қатысып қайтты.

 

А.Омаров,

«Нұр Отан» партиясы Сарқан  аудандық

филиалының консультанты.    

Мәліметпен бөлісу: