Басты бағыт – әлеуметтің әлеуетін көтеру

Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-дықтардың  әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты  Қазақстан халқына арнаған Жолдауын сарқандықтар үлкен ықыласпен талдап, саралау үстінде.  Биылғы Жолдау – осыған дейін жүзеге асырылып жатқан стратегиялық бастамалардың заңды жалғасы. Бұл маңызды құжатта әр отбасының, әрбір адамның жағдайын, тіршілік ортасын жақсарту көзделіп, халқымыздың әл-ауқатын, тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелер қаралған.

Жуырда Елбасы Жолдауын жұртшылық жүрегіне жеткізу  мақсатымен Сарқан   ауданына «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев кездесуге келіп,  ауданның мекеме-ұйым басшылары,  ұжым-дары, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдары төрағалары, партиялық топ жетекшілері, ардагерлер және  аудан жастары бас қосқан жиында  Жолдауда атап көрсетілген басты бағыттар бойынша жүзеге асырылатын міндеттерді сараптады. Ғалиасқар Төлендіұлы Жолдаудың өмірмен өзектес әрбір тарауына жан-жақты тоқталып, өз ойын Жетісу өңірінде жүзеге асып жатқан әлеуметтік-экономикалық бағыттағы салалардың  нақты көрсеткіштерімен шегендеп, тарихи құжаттың тұрғындардың тұрмысын жақсартудағы өміршең идеяларының жүзеге асатындығына нық сенім білдірді.

Актив жиналысын аудан әкімі Марат Разбеков жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселе бойынша  аудандық мәслихат депутаты, аудандық «Сарқан» газетінің бас редакторы Жомарт Игіман,   аудандық партия филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі Бауыржан  Жантасов,  аудандық  мәслихат депутаты, «Сұлтан» бастауыш партия ұйымының төрайымы, аудандық  халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Сания Елюбаева жарыссөзге шығып, ой-пікірлерін ортаға салды.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: