Болашаққа бастаған – 10 міндет

Елбасының биылғы Жолдауында айтылған 10 негізгі тапсырма Қазақстанның қысқа мерзім ішінде дамуын анықтап бермек. Мемлекет басшысы қазақстандықтардың әл-ауқатының маңызды негізі ретінде ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала, зейнетақы және мұғалімдердің жалақысын және адами капиталды дамытуға ерекше назар аударды.

Жолдауда Президент ең бастысы цифрлық дәуір, техно-логиялардың дамуы, технологизация, жалпы төртінші өнеркәсіптік революцияның шеңберіндегі мемлекеттің дамуының айқын бағыттарын анықтаған. Мемлекет басшысы цифрлық дәуірден қалмау қажеттігіне баса назар аударып отыр. Президент атап кеткен он негізгі басымдықтың түйіні, ол – цифрлық дәуірдің болатыны. Цифрлық теxнологиялар барлық салаларда болады. Тереңдеп ойласаңыз, бұл Жолдау – бұрынғы үлкен стратегиялардың дамуы, соның жалғасы. «Қазақстан – 2050» стратегиясында Елбасы бірнеше жыл бұрын атап көрсеткен Мәңгілік ел болу арманымыз бен мақсатымызды айқындады. Әрбір Жолдауда соған нақты міндеттер айтылады. Жолдауда айтылған әрбір бағыттың берері көп. Тек соны тиімді пайдалануға жұмыла күш салуымыз қажет.

Мадияр РАЗБЕКОВ,
Абай атындағы мектеп-гимназияның география пәнінің мұғалімі,

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: