«Буккроссинг» – кітап алмасу акциясы

Аудандық  кітапхананың ұйымдастыруымен қол-ға алынған «Буккроссинг» акциясы қала  тұрғындарының  арасында кітап алмасуды  және кітапты  оқуды насихаттап  жатыр. Жалпы кітап – біздің асып таспайтын  асыл досымыз. Технология  атауы  қанша  дамып  жатыр  десек те қай  заманда  болмасын  кітаптың  орны  биік  тұрары  сөзсіз. Алайда, қазіргі  кезде кітапхана  мен кітап  дүкендеріне  баратын жандардың азайып бара жатқандығы өкінішті. Біріне уақыт,  екіншісіне  қалтамыздың  көтере  бермейтіндігі  сылтау. Ал бұл  екі  сылтауға  да  кедергі  бола  алатын шара «кітап  сыйлау» немесе  «кітап алмастыру»  акциясы  яғни «Буккроссинг»  сіздерге  көмектесе  алады.

 

«Буккроссинг» қазақшаға  аударғанда  «кітап  сыйлау» немесе «кітаптың  айналыста  жүруі» деген  мағынаны  білдіреді. Үйлеріңіздегі оқып болған кітапты  алып  келіп орнына  оқымаған  кітаптарыңызды  алуларыңызға  болады. Буккроссингті  алғаш  ойлап  тапқан ғалым Рон Хорнбекер.  Ол 2001 жылы  көпшілік  жүретін  жерде  мынандай  жазуы бар кітапты қалдырып  кеткен екен: «Бұл жоғалып  кеткен  кітап  емес,  оның  бұрынғы иесін мына  сайтқа  кіріп  біле  аласыз.  Кітапты  оқып  болған соң  оны әрі  қарай  саяхаттауға  жіберуіңізге  болады». Жазылған  хат  пен  кітап  адамдарға  қызықты  болған  соң, сайтқа  кірушілер  саны  артып,  оқырмандар  саны  көбейген.  Ал,  Қазақстанда «Буккроссинг» акциясы  2005 жылдан  бастау алыпты. Бүгінде Сарқан қаласында да  аталмыш  акция  дәстүрлі  түрде  жалғасын  тауып  келе  жатыр. Акциямыздың  басты  мақсаты  қаламыздағы  тұрғындардың  кітап  оқуға  деген қызығушылығын  арттыру. Сол  мақсатта  бұл  акция  биыл екінші рет  өткізіліп  отыр. Ендігі  жоспарымыз  Автобекет пен орталық  базардың  маңында  өткізу. Сондықтан да үйлеріңізде  өздеріңіз оқыған  қызықты  кітап  болса соны алып  келіп, орнына  оқымаған  кітаптарыңызды  алуға  болады. Немесе керек  емес шаң  басып  жатқан кітаптарыңызды  халық  игілігіне жаратуға  асығыңыздар. Аталмыш алмасу акциясына кітаптарын  алып  келіп, орнына  кітап алған  оқырмандарымыз  бар. Кітапханаға керек емес  кітаптарын  сыйға  тартқан  жомарт  жандар  да  табылуда. Сұрақтарыңыз бойынша 2-02-10 телефонына хабарласыңыздар.

К.Бектемісова,

аудандық  кітапхананың оқырман залының  меңгерушісі.

Мәліметпен бөлісу: