Чемпионатқа іріктеу аяқталды

2018 жылы 30 мамыр -02 маусым күндері аралығында Текелі қаласында ауыр атлетикадан 2002, 2003,  2004 ж.т. және оданда төменгі ұлдар және қыздар арасында Алматы облысының чемпионаты өткен болатын. Білекті де жүректі жас спортшыларымыз мынадай жетістіктермен оралды.

30 кг салмақта Әскербай Алихан, 36 кг салмақта Ерденқызы Айзере, 38кг салмақта Құрманбек Ақжол, 69 кг салмақта Тұрғанбай Еділ,75 кг салмақта Елубаева Гүлдана І орындарға ие болып  Қостанай қаласында өтетін ҚР чемпионатына жолдаманы олжалады. Ал 34 кг салмақта Батырбек Қайсар, 56 кг салмақта Байқожа Мағжан,  34 кг салмақта Еркінқызы Ақмарал, 58 кг салмақта Жеңісқызы Гүлім ІІ орындарға ие болса, 53 кг салмақта Ибрагим Аида – 3 орынға ие болды. Жеңімпаздар жаттықтырушысы  Жаманқыз Нұрболат.

Мәліметпен бөлісу: