Даму үшін – өзгеру қажет

2018 жылдың 25 қаңтарында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Жолдауына байланысты «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушылары арасында оқытушы А.Камбылованың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.

 

Жиын барысында Елбасымыздың Жолдауы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, Жолдаудағы міндеттерді оңтайлы жүзеге асыруға байланысты қатысушылардың ой-пікірі мен ұсыныстары тыңдалды. Жиынға қатысушылар Жолдаудағы көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға, адами капитал – жаңғыру негізіне, ғылыми зерттеу жұмыстары мен латын әліпбиіне қатысты ойларын ортаға салып, сараптап, талқылаудан өткізді. Тыңдаушылар шараға аса қызығушылық танытып, дөңгелек үстелге белсенді араласты.
«Мәңгілік ел», «Латын қарпі», «Сандық Қазақстан» тақырыптарының маңызы ашылды. Қазіргі әлемдегі сандық технологиялардың ел экономикасына тигізер әсерінің жоғары екендігін айта отырып, сандық технологиялар арқылы қарапайым халық көптеген артықшылықтарға ие болғанын жеткізді. Атап айтсақ, халық пен бизнестің мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін жеңілдету, ақпарат алмасуды жеделдету, жаңа бизнес мүмкіндіктерінің пайда болуы, жаңа цифрлы өнімдерді құру, электронды үкімет және т.б.
Біздің дамуымыздың басты принциптерінің бірі – жаңа кезеңдегі жаңаруға іштей ұмтылыс. Даму үшін – өзгеру қажет деген қағиданы ұстана отырып жиынымыз аяқталды.

А.КАМБЫЛОВА,
«Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Сарқан аудандық филиалының оқытушысы.

Мәліметпен бөлісу: