Дарындылар слеті

Жуырда Абай атындағы мектеп-гимназияда  «Білімді жастар-ел болашағы» атты дарындылар слеті ұйымдастырылды. Сол күні мектеп алаңы  түрлі – түсті шарлармен, жалаушалармен безендіріліп, алаңның шетінде «Дарын» атрибуты көзге шалынып тұрды. Бұл – оқу жылы аралығында халықаралық, республикалық және облыстық пәндер олимпиадасында, интеллектуалдық-шығармашылық сайыстарда, спорттың түрлі жарыстарында жетістіктерге жетіп, жүзден жүйрік, мыңнан озық шығып, мектеп намысын қорғаған үздіктердің дараланатын күні.

Дарындылар көшін мектеп мақтанышы,  Джиу-джитсудан Сауд Арабиясында өткен Халықаралық жарыстан 3-орын иеленген 9 а сынып оқушысы Нұртлеу Айым бастады.  Сондай-ақ Қытай Халық Республикасының жоғарғы оқу орнына  грантпен заңгер мамандығы бойынша оқуға түсуге мүмкіндік алған 11 ә сынып оқушысы Әзімбек Лашын көштің басында болды. Сонымен қатар сан түрлі сайыстарда дараланғандар және «Мың бала» атты республикалық энциклопедияға есімдері енген оқушылар осы шерудің ажарын ашты. Шеру сапында 2017-2018 оқу жылында оқу тәрбие үрдісіндегі рейтинг қорытындысы бойынша «Үздік сынып жетекшісі» атанған Бекболатова Дана, дарынды оқушылардың тәлімгерлері  Ерболаева Лаззат, Шоманова Сайраш, Жумжуменова Мариям, Құрманғалиева Шакура, Урумбазарова Данагүл, Берлібекова Асем, Мақатаев Мұқағали,  Арғынбаева Аида, Қожаханова Жаныл, Муратбекова Альбина, Уанбаева Мөлдір, Жақсыбекова Эльмира, Төлеулина Надира, Төребек Сандуғаш, Есенгулова Нурзиля, Унгирбаева Айгерим, Мағзум Акбота, Әлжанова Жадыра, Имангалиева Дания, Смаханова Улжан, Тұрғанбаева Айжан, Есимбекова Динара, Нурпейсов Абай, Байжанова Айдана, Максименко Наталья, Утаршиева Ельмира, Шалкибекова Лунара, Тоқтарқызы Жазира, Сыдықбаева Бөрік, Тұрарбекова Дария, Шәкіртхан Нургул, Жөнделбаева Мира, Джулдасбаева Саулет, Карамысова Индира, Имангазиева Гульмира, Жақсыбекова Эльмира, Смаханов Арыстанбек, Разбеков Мадияр, Ақбаев Асет, Мырзахметов Асет, Дюсембеков Нурлан, Аухадиев Аслан сынды ұстаздар болды.

Слеттің мәңгілік отын жағу рәсімі мектептің «Алтын белгі» иегері Өскенбай Алтай мен мектеп белсенділеріне берілді де дарындылар басқосуы мемлекеттік Гимнмен басталды.  Бастауыш сынып оқушыларының оркестрі өз өнерлерін ортаға салып, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, мектеп директоры Нурзиля Бақытжанқызы  үздіктерді тәрбиелеген ата-аналарға алғыс хат  табыс етті.  Астана қаласында Дарынды оқушыларға арналып өткізілген «Рухани жаңғыру: болашаққа бас-тар жол» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысып, сертификатпен марапатталған  мектеп президенті Әсел Жеңісбек әріптестеріне ақ жол тілеп, Сарқан ауданының Құрметті азаматы Болат Рахметқалиев дарынды жастарға ақ батасын ақтарды. Слет барысында әсем ән әуелеп,  «Шұғыла» би тобының өнері көпшілік назарына ұсынылды.

 

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: