«Денсуалық күні» аясында

2 018 жылдың 23-ақпан күні Көктерек ауылдық округінде ауылдық спорт және жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушылардың ұйымдастыруымен «Денсаулық күні» аясында Астананың 20-жылдығына «Ел жүрегі Астана» атты спорттық іс-шара өз дәрежесінде ұйымдастырылып өтті.Аталған шараға М.Маметова атындағы орта мектеп ұжымы, дәрігерлік амбулатория, ауыл жастары және мектеп оқушылары қатысты.

Ұйымдастырылған шарада конькимен сырғанау, хоккейден жарыс және шорт трек жарысы өтті. Жастар арасында ерекше көзге түскендер ауыл әкімінің мақтау қағазымен марапатталды. Атап айтсақ Сабитов Ринат, Салауат Төлеген және ауыл әкімі Серік Смағұлов, Алтай Нұрғалиев, қыздар арасында Сыдық Аяжан марапатталды.Ұйымдастырылған шарада тегін ыстық шай мен бәліш таратылды.

Р.ҚАЗЕЗОВ,

Көктерек ауылдық округінің спорт ісі

жөніндегі әдіскер нұсқаушысы,

БПҰ мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: