Дін және зайырлы мемлекет

Колледжде рухани адамгершілік тәрбие бағыты бойынша  дін қоғамға жат емес, керісінше дінге деген қоғамдық көзқарас жанданып, қуат алып, қоғамның ажырамас бөлігіне айналып келеді. Терроризмге қарсы күрес туралы  студенттердің теріс діни ағымдардың құрсауына түсіп қалмауы туралы түсініктер  берілуде.

Колледж ұжымы терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын-алу және болдырмау шараларын іске асыруда  2017 – 2018 оқу жылы бойынша  колледж студенттері арасында «Сізге хиджаб қажет пе, колледждегі оқу қажет пе?», «Дін және ұлттық тәрбие», «Дін және жастар»  атты тақырыптарда дөңгелек үстелдер, семинарлар, кездесулер өткізді. Іс – шаралар барысында  діни ағымдардың кері әсерлері,  әлемде болып жатқан түрлі дағдарыстардың себептері туралы мәліметтер  берілуде. Колледж студенттеріне  дін саласында тұрақты мемлекеттік саясатты ұстана білу, ұлтаралық достық қарым қатынасты, қоғамда тұрактылықты сақтау керектігі түсіндірілуде.

17 сәуір  күні «Дін және зайырлы мемлекет»  тақырыбында аудандық мәслихаттың депутаты,  “Сарқан” газетінің бас редакторы  Игіман Жомарт Мақатұлы,  облыстық дін істері басқармасының Сарқан ауданы бойынша инспекторы Ақтанберді Назымұлы,  дінтанушы-теолог Әдемі Ерназаровалармен  кездесу  өткізілді.

Іс – шара барысында келген  мамандар студенттердің  көкейлерінде  жүрген  сауалдарына жауап беріп,  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады» – деген сөзімен,  жастар экстремистік қайшылықтардан бойын аулақ ұстайтын, әр түрлі ағымдардың психологиялық тұрғыдан ойымызды аздырып, тағдырымызды тоздыруға, олардың мемлекеттік саясатқа қарсы үгіттеуіне жол бермеуіміз керек екендігіне  тоқталды.  Сонымен  қатар “Хиджап  киген  қызға тыйым  салынады,  ал  ашық – шашық  киінген  қызға   неге тыйым  салынбайды?”  деген  студенттердің сұрақтарына  Жомарт Мақатұлы  ашық – шашық  киінгені ата анасының  берген  тәрбиесіне  және  өзіне сын,  хиджап  кигені ұлтына  сын  деп  жауап  берді.

Ең бастысы, ұлт қауіпсіздігін, ұлттық діни бірлікті сақтауды, дінімізге іріткі салдырмауды, ел тыныштығы мен ұлтаралық достық деген ұғымды бәрінен биік ұстап,  Тәуелсіз Еліміздегі бейбітшілік, мейірімділік пен ізгілік  біздің өмірдегі басты ұстанымымыз  болуы керек. Өйткені ішкі тұрақтылық пен ауызбіршілік сақталған жағдайында ғана еліміз болашақта көздеп отырған мақсаттарына қол жеткізе алатындығы анық.

А.Узбекова,

студенттік  кеңес  төрайымы.

Мәліметпен бөлісу: