Ең үздік отбасы байқауы

Жуырда Сарқан гуманитарлық колледжінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен “Ең үздік отбасы” байқауы өтті. Отбасы беделін көтеру, неке және отбасы құндылығын насихаттау мақсатында өткізілген сайысқа Ракитянский, Төлеуханов, Искаков, Абдыбаев, Сағымбаев, Сарыбаев, Малаев және Нұрпейісовтар отбасы қатысты. Өздерін тапқырлықпен таныстыра білген отбасылар білімдерін сарапқа салды, қолөнер шеберлігімен даралануға ұмтылды. Сайыстың соңында өзіндік өнерлерін көпшілік назарына ұсынды.

Қазылар алқасы көрермендер пікірін ескере отырып І орынды Төлеухановтар отбасына берді. ІІ орыннан Нұрпейісовтар, ІІІ орыннан Абдыбаевтар отбасылары көрінді. Жеңімпаздар аудандық партия филиалының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жомарт ИГІМАН,
аудандық мәслихаттың депутаты, фракция мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: