Егемен елім – ерке елім

Осындай тақырыппен  «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойына орай партияның аудандық филиалы  жас ақындар байқауын ұйымдастырды. Байқауға шығармашыл жастар тарапынан 21 туынды келіп түсті. 

“Сарқан”  газетінің бас редакторы Жомарт Игіман,   аудандық  жастар ресурстық орталығының жетекшісі Аслан Кубентаев, білім және ғылым қызметкерлері аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ермек Алинов  байқауға қатысқан барлық шығармаларды саралай келіп, жүлдегерлерді анықталды. Жас ақындар арасында топ жарып,  1 орынды Ақын Сара атындағы орта мектептің жас ұстазы   Самал Шеңгелбаева жеңіп алды. Жүлделі 2 орынды Қастер Жанарбек, 3 орынды   Мирас Дүйсенхан иеленді. Сондай-ақ тақырыпқа сай өлеңдерімен ерекшеленген  Жанат Бибосынов, Жігер Жұмагелді, Айтолқын Заманбек, Айбота Сержан, Азамат Жалын “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының  алғыс хатымен марапатталды.

Айдос Омаров,

“Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының консультанты.

Мәліметпен бөлісу: