Егістік алқабын аралады

Дүйсенбі күні ауданымызға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Аңсар Мұсаханов және Төлеубек Мұқашев арнайы іс-сапарларымен келіп, тұрғындармен кездесу өткізді.

27

Жергілікті жердің тыныс-тіршілігімен танысқан Аңсар Тұрсынханұлы мен Төлеубек Төлеуұлы елдің мұң-мұқтажына құлақ түрді. Сапар барысында жоғарғы палата депутаттары ауданның  егістік алқаптарын аралап, Елбасының тапсырмасы – қант қызылшасын өсіп-өндіру барысын қадағалады. Сондай-ақ, ауданымыздағы ең ірі мекемелердің бірі «Жоңғар-Алатауы»  мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымымен кездесіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың “Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы” атты халыққа үндеуінің орындалу барысына тоқталып,  іске асырылып жатқан бағдарламаларды түсіндіріп,  халық қалаулылары кездесуде елдің ертеңі жайында сауал қойған сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Өз тілшіміз.

 

Мәліметпен бөлісу: