
Сарқан қаласының тұрғындары егіз қыздар Әсел және Әсем Қасымжановалар ✓350 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады. Осы уақытқа дейін сайлауға барып 3 рет дауыс берген қыздар бұл жолғы саяси науқанның ерекше екенін айтады.
“Сайлауға келіп, өзі қалаған үміткеріне дауыс беру әр азаматтың борышы. Біз еліміздің, өңірдің болашағы үшін өз таңдауымызды жасадық”дейді қыздар.