Ел егемендігінің арқасы

 Биыл еліміз үшін ерекше жыл! Өз алдымызға отау тігіп, азат ел, тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 30 жыл толды. Отыз жыл егемен еліміз үшін толағай табыстарға, жемісті белестерге толы болды. Осынау ортақ жеңісте барша қазақстандық азаматтың өзіндік үлесі бар деп білемін.

Мен Әскербекұлы Тілеужан Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында бақытты да баянды өмір сүріп жатқан азат буынның өкілімін. 2013 жылы оқуды бітіріп, Сарқан қалалық әкімшілігіне жастар практи­касына қабылдандым. 2015 жылы Черкасск ауылдық округі әкімдігінің салық инспекторы болып еңбек еттім. 2016 жылдан Черкасск ауылдық округі әкімдігінің бас маманы болып қызмет жасап келемін. Туған елге арқа сүйеп, туған жерге табан тіреп аянбай еңбек етуді перзенттік парызым, азаматтық ұстанымым деп білдім. Еткен еңбектің қашанда өтеуі бар. Соның айқын айғағындай ауданаралық, облысаралық сан түрлі салалық байқаулардың жеңімпазымын. Атап айтқанда облыстық мемлекеттік қызметшілер арасында өткен дебатта жүлделі ІІ орынды иелен­сем, мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен «Мемлекеттік тіл мемлекеттік қызметте» байқауында ІІІ орынды жеңіп алдым. 2019 жылдың “Жыл үздігімін”.

Бұның барлығы ел тәуелсіздігі берген мүмкіндіктің арқасы деп білемін. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, рухымызды оятқан, төрткүл дүниеге көк байрақты, азаттықты сүйгіш ғажап ел ретінде танытқан тәу етер тәуелсіздігіміздің баянды болуына барымызды салуымыз керек деп білемін. Мерейлі ме­реке – егемендігіміздің отыз жылдығы құтты болсын!

Тілеужан ӘСКЕРБЕКҰЛЫ,

Черкасск ауылдық округі әкімдігінің бас маманы.

#Qazaqstan30

Мәліметпен бөлісу: