Елбасы Жолдауы еліміздің әлеуетін көтермек

Бүгін аудан əкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты, депутаттық фракция жетекшісі Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев Елбасының жаңа Жолдауына қатысты баяндама жасап, жиналған қауымға әр қайсысына жеке-жеке кеңінен тоқталып түсіндірді.
Жиында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы халыққа арнаған Жолдауында айтылған басты мәселелерді атап өткен облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Төлендіұлы əлеуметтік салада атқарылатын ауқымды жұмыстарға баса назар аударып, алдағы уақытта облыс көлемінде болатын жаңашылдықтармен таныстырды.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтарың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында жалпы қарапайым халық үшін тиімді жақтарын түсіндіру керектігі айтылды. Сонымен қатар, «ІТ- саласының» жаңа мүмкіндіктерін келешек ұрпаққа жол ашу арқылы алпауыт мемлекеттердің алдында еліміздің беделін, абыройын көтеру керектігі басты назарға алынды.

Партия жұмысында да, жаңғыру толқыны болғаны жайлы баяндамашы сөз етіп, жаңа партиялық жобалар аясында жасалатын жұмыс жоспарлары таныстырылды.
Аудан тұрғындарымен кездесуге аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы, аудан əкімі Марат Мелісұлы, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Төлеуұлы және мәслихат хатшысы Қадыр Сəкенұлы қатысты. Сонымен бірге кездесуде жаңадан тағайындалған аудандық филиал төрағасының жұмысына “Нұр Отан” партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Төлендіұлы сәттілік тіледі.

Мәліметпен бөлісу: