Еріктілер қатары артуда

“Волонтер жылын жариялау туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 135 Жарлығына сәйкес 2020-Волонтер жылы аясында ұйымдастырылатын шараларды тиімді жүзеге асыру және Сарқан аудандық пробация қызметі есебіндегі тұлғалардың қоғамға толық бейімделуіне кәсіби бағдар беру бойынша өзара қарым-қатынасты нығайту бойынша Сарқан аудандық пробация қызметі «Алматы облысының жастар ресурстық орталығының» КММ-нің филиалы «Сарқан ауданының жастар ресурстық орталығы», «Алматы облысы Сарқан ауданы Әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-мен, “ПАРЫЗ”,«ЖАЛЫН ЖҮРЕК» жастар қоғамдық бірлестігі  ҮЕҰ-ның  әрқайсымен жекелеген өзара ынтымақтастық туралы Меморандумдар бекітіліп, бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.  

Ерікті волонтер болу дегеніміз риясыз мейірімділік көрсету, жаңа дағдыларға үйреніп, адамдарға жақсылық жасау. Ол екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Ерікті волонтер болу үшін адамдарға ниет білдіру, жаны ашып, есіркей білу, ашуды ақылға жеңілдіре білу, командада жұмыс жасай білу ғана емес, адалдық, парасаттылық сияқты адамгершілік қасиеттер керек. Сарқан аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен аталған шараға есепте тұрған сотталғандар жұмылдырылып, сотталғандар тарапынан қайта қылмыс құқық бұзушылық көріністерінің алдын алу мақсатындағы жүзеге асырылған түсіндірмелік, тәрбиелік мәндегі профилактикалық шаралар нәтижесінде есепте тұрған сотталғандар да атсалысуда. Осылайша, жыл басынан өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін сотталған еріктілердің қатары күн санап артып келеді. Аталған шараға 29 жасқа дейінгі сотталғандар, соның ішінде түзеу мекемелерінен бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының өтелмеген бөлiгi неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруымен босатылған сотталғандар тартылып, қоғамға өзінің түзелу жолындағы үлесін ерікті түрде қосуда. Еріктілік жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беріп, тәжірбие  жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан көруге мүмкіндік беретін бірден – бір сала. Сондықтан уақытты еріктілікке жұмсау – тұлғалық дамуға құйылған инвестициялар болып табылады.

Т. Жарманова,

аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы,

әділет капитаны.

Мәліметпен бөлісу: