Еріктілер жылы аясында

Жуырда “Жоңғар Алатауы” МҰТП – мен “Алматы облысының жастар ресурстық орталығы” КММ-нің филиалы “Сарқан ауданының жастар ресурстық орталығы” ұйымдастыруымен “Еріктілер жылы аясында” аудандық мәдениет үйінде Сарқан гуманитарлық колледжі және Сарқан политехникалық колледж студенттерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында “Жоңғар Алатауы” МҰТП мамандары студенттерді қоршаған ортаны ластамауға, жалпы табиғатты қорғау туралы үгіт, насихат жұмыстарын жүргізді. Парктің 13  туристік маршруттарымен таныстырып, көркем де, әсем табиғатымен таныс болды. Алдағы уақытта еріктілер қатарына қосыламын деген студенттермен жұмыс атқаруға дайынбыз.

А.Шатырбаева,

«Жоңғар Алатауы» МҰТП экологиялық ағарту маманы.

Мәліметпен бөлісу: