Еріктілік – жүрек қалауы

Қазақстан Республикасының Прези-денті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялады. Президентіміз Қостанайда өткен форумда бұл шешімнің бұрыннан бері жоспарында болғанын айтты. Тағы да еріктілердің игі істеріне алғысын айтып, Қазақстан – жастардың мемлекеті деп жеткізді.

Жалпы еріктілер тобы жағдайы төмен адамдарға керек кезде сүйеніш болады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созады. Волонтёр жұмысы жастарды игі істермен бірге мейірімділік пен патриоттыққа баулиды. Кез-келген адам ерікті бола алады. Кішігірім болсын, ең маңыздысы шын ниетпен жасалған іс еріктілікке жатады. Бірақ жақсы іс жасаудың өзі де оңай емес. Осы себептен еріктілікті қолдауға негіз бар.

Өз басым былтырғы өткен жазғы демалысымды еріктілер қатарында өткізгенмін. Сол кезде қоғам туралы көптеген балалық ойым өзгеріп, Отанға деген махаббатым арта түсті. Жұмыс жасап жүрген уақытымда бірінші рет еңбектің дəмін таттым. Əртүрлі жағдайы төмен жандарды көргенде, бір Аллаға шүкіршілік етіп, тəубеме келетінмін. Қазіргі уақытта қолыма ақша түссе, жазда төккен маңдай терді еске алып үнемдеп жұмсаймын. Сондықтан өз ойым еріктілер ұйымы, келе жатқан жас буыннан, саналы ұрпақ тəрбиелейтініне нық сенімдімін.

Бекзат Шатырбай,

№1 мектеп-гимназияның  11 сынып оқушысы.

Мәліметпен бөлісу: