Ерте жүктіліктің алдын алу жолдары

Сарқан ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жасөс-пірімдер арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру мақсатында Сарқан политехникалық колледжінде жас қыздарға арналған гинеколог маманымен бірлесе “Ерте жүктілік және оның алдын алу жолдары” атты кездесу өткізілді.

Кездесуге аудандық аналар кеңе-сінің төрайымы Қалиева Күлшарбан Мырзабайқызы, аудандық орталық ауру-ханасының акушер гинекологы Оспанова Айжан Берікжанқызы, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің маманы Асет Сандуғаш, аудандық орталық ауруханасының психологы Ильясийн Жадыра Жеңісханқызы, Сарқан политехникалық колледжінің оқу тәрбие ісінің меңгерушісі Омирбекова Анар Омирбековна және аталмыш колледждің 1 курс білімгерлері қатысты. Кездесу барысында аудандық аналар кеңесінің төрайымы  Күлшарбан Мырзабайқызы  жасөспірімдерге қыздардың тәрбиесі, қыздарға отбасы құндылықтарын бағалау туралы айтылды. Қыздарға заманға сай, әдемі, жоғары мәдениетті, білімді және сонымен қатар, зиялы өмірдің барлық дағдыларымен қоса, қазақ даласының даналығын игеріп, қыздардың өнегелік тәрбиесі, мораль туралы түсіндірді. Ал  акушер гинекологы Айжан Берікжанқызы өз сөзінде қыздар арасында ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан жас ағзаның оған әлі дайын еместігі, ерте жүктіліктің ақыры қандай қатерлерге соқтыратынын айтты. Аудандық орталық ауруханасының психологы Жадыра Жеңісханқызы тренинг жүргізді. Жиынды Сарқан политехникалық колледжінің оқу тәрбие ісінің меңгерушісі Омирбекова Анар Омирбековна қорытындылап, қыздарға ақыл-кеңестерін берді.

Алтынасық ТІлеубай,

аудандық жастар ресурстық орталығының психолог маманы.

Мәліметпен бөлісу: