Есепті кездесу –ертеңге бағдар

Аудан әкімі Ерғазы Қошанбековтың тұрғындар алдындағы есеп беру жиыны Аманбөктер, Екіаша, Амангелді, Алмалы ауылдық округтерінде, Сарқан қаласында жалғасын тауып, аудан орталығындағы Мәдениет үйінде өткен жиында қорытындыланды.

Аманбөктер ауылдық округі әкімі мен аудан әкімінің есепті баяндамасын талқылауға атсалысқан Есенжол Мусапиров Екіаша-Аманбөктер арасындағы жаңа салынған жолдың талапқа сай емес олқылықтарын, Малике Жантасова интернет желісінің қуаты жеткіліксіздігін сөздеріне арқау етсе, Екіаша ауылдық округіндегі жиында жарыссөзге шыққан Нұрсара Исаева, Жандос Ақылбаев әкім жұмысына қанағаттанарлық баға беріп, тіршіліктің кейбір түйткілдеріне тоқталды.

Амангелді ауылдық округіндегі жиынға қатысушылар есепті баяндамаларды ынта қоя тыңдап, алда атқарылатын ауқымды жұмыстарға ден қойды. Басқосуда Қарауылтөбе орта мектебінің директоры Бақыт Рыскельдина, ауылдық дәрігерлік амбулаторияның фельдшері Бұлбұл Дәулетова өзіндік пікірлерін ортаға салды. Ауылдық емханаға жаңа “Жедел жәрдем” көлігінің бөлінуіне игі ықпалын тигізген облыстық мәслихат депутаты Жамал Құлахметоваға, аудандық орталық аурухананың директоры Алтай Шұлғаубаевқа жұртшылықтың ризашылығы ауыл-дық округ әкімінің баяндамасында, сөз алғандардың лебізінде ерекше атап көрсетілді.
Алмалы ауылындағы басқосу-да сөз алған ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Төлеген Тоқтаров, ауылдық амбулатория медбикесі Әлия Есімжанова, ауылдық округ әкімдігінің жетекші маманы Айбек Рысханов, ауыл тұрғындары атынан сауал жолдаған Жұман Буашев дәрі-дәрмектің, көмірдің жөнсіз қымбаттап, көп-шіліктің қалтасына салмақ салып отырғандығын жеткізді.
Сарқан қаласының әкімі Амантай Орынбековтың есебінде қаланың кешегісі мен бүгінгі тынысы көрініс тауып, аудан әкімі Ерғазы Қошанбеков ауданның өткен жылғы белесі мен алдағы асуларымен таныстырды. Өз кезегінде Ерғазы Қошанбекұлы ел игілігін еселеу жолында қала тұрғындарының ұсыныстарын тың-дауға бейіл білдірді. Жарыссөзге шыққан Сарқан ауданының Құрметті азаматы Жәлел Сасанбаев, Островский атындағы мектеп-лицейдің кәсіподақ комитетінің төрайымы Наталья Раструбина, Сарқан гуманитарлық колледжінің білімгері Айзада Смағұл аудан орталығын абаттандыру жолындағы ой-пікірлерімен бөлісті.
Аудан әкімі Ерғазы Қошан-бековтың тұрғындар алдындағы қорытынды есеп беру жиыны аудандық мәдениет үйінде өтті. Есепті кездеуге Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров қатысты.
Жиынды ашып, жүргізген аудандық мәслихат хатшысы Қадыр Абдрахманов күн тәртібіндегі мәсе-лемен таныстырып, сөз тізгінін аудан әкіміне берді. Ерғазы Қошанбекұлы тарапынан есепті кездесуге арнайы шақырылған барлық елді мекендер өкілдеріне ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және биылғы жылғы жоба-жоспарлар жан-жақтылы слайд арқылы таныстырылды.
-Биылғы жыл ел тарихындағы маңызды сәттерден басталды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Жолдауын жариялады,-деп бастады баяндамасын Ерғазы Қошанбекұлы. -Есепті кезеңде қуаттылығы сағатына 4,2 мВт электр энергиясын өндіретін «Басқан Пауэр» және қуаттылығы сағатына 17 мВт өндіретін «Лепсі-2» гидро-электр станциялары іске қосылуы, біздің өнеркәсіп саламыздың дамуына өзінің зор ықпалын тигізді.
Бұдан әрі баяндамашы ауыл шаруашылығындағы жемісті же-тістіктерді, шағын және орта кәсіп-керліктегі, жол күйін жақсарту бағытындағы, сумен қамтудағы, құрылыстағы, туризмді өрістетудегі қол жеткен өркенді өзгерістерді есебіне арқау етті.
Баяндаманы талқылауға Черкасск ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы Төлеухан Битимбиев, «Қазына» сервистік дайындау орталығының басшысы Аслан Абдрахманов, Екіаша ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы Марат Дуанов, Сарқан қаласының тұрғыны, зейнеткер Разия Атабаева, Абай атындағы мектеп-гимназия директоры Нұрзиля Есенғұлова қатысып, жұртшылық атынан аудан әкімінің атқарған жұмыстарына қанағаттанарлық деген баға берді.
Кездесу барысында тұрғын-дардан жолданған сауалдарға аудан әкімі Ерғазы Қошанбеков тиянақты жауап беріп, алдағы жұмыстарына бағыт-бағдар берген көпшілікке ризашылығын білдірді.
Қорытынды сөз алған Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров бүгінгі жиында көтерілген мәселелердің маңыздылығын, кейбір салалардағы олқылықтарды атап өтіп, өңір экономикасын дамытып, әлеуметтік ахуалды көтеру жолындағы алда тұрған міндеттерге тоқталды.

Жомарт ИГІМАН.

Мәліметпен бөлісу: