Сарқан қаласы тұрғындарының назарына

Хабарландыру!

Сарқан ауданы, Лепсі ауылында орналасқан Мұқан Төлебаевтың мемориалды музейі «Музейге сый тарту» акциясына қатысуға аудан, ауыл тұрғындарын ШАҚЫРАДЫ.

Мақсаты: Халық арасында елеусіз жатқан құнды заттарды, қызықты құжаттарды, фотосуреттер, көне тұрмыстық заттар, тарихы бар отбасылық жәдігерлер, ірі тұлғалардың мұралары сақталса музей қорына тапсыруларыңызға болады.

Акция мерзімі: 5 тамыз – 5 қыркүйек аралығы. Мекен-жайы: Сарқан ауданы, Лепсі ауылы, Мұқан Төлебаевтың мемориалды музейі. Төлебаев көшесі 5. Байланыс нөмірі: 8(72843) 2-12-70.

 

 

Ата-аналар назарына!

Құрметті ата-аналар! 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мемлекеттік қызметі автоматтандырылды. Стандарт бойынша 1 маусым мен 30 тамыз аралығында мектепте 1-сыныпқа қабылдау жұмыстары электронды түрде жүргізілуі тиіс, аталған уақыт аралығында ата-ана баласын 1 сыныпқа қабылдау бойынша өтініш бермеген жағдайда бала мектепке қабылдана алмайды. Қабылдау mektep.sitcen.kz  сайтына тіркелу арқылы жүргізіледі. mektep.sitcen.kz  порталында басты бетте көрсетілетін қызметтер тізімі, аудан бойынша мектептер каталогы, сондай-ақ  жаңалықтар және пайдаланушылардың пікірлерімен таныса аласыздар. Ата-ана баласын 1 сыныпқа қабылдау бойынша аталған сайтқа тіркеліп, қалаған мектебіне өтінішін қалдырады. Сол уақытта ата-ананың өтініші тіркелгендігі жөнінде ұялы телефон нөміріне өтініштің қабылданғандығы туралы хабарлама келеді. Содан кейін, өтініш қалдырған мектеп әкімшілігімен ата-ана арасында екі жақты келісім шарт жасалады. Ата-ана келісім шарт жасасу үшін 5 жұмыс күн ішінде құжаттардың түпнұсқаларымен өтініш қалдырған мектепке келуі қажет. Егер ата-ана аталған мерзімде келмесе өтініш автоматты түрде жойылады! Егер үйлеріңізде интернет желісі болмаған жағдайда, ата-ана өтініш беру үшін мектепке барса болады. Толық ақпаратты балаңызды оқытатын мектепке барып, немесе аудандық білім бөліміне 2-12-51 телефон нөмеріне хабарласып таныса аласыздар.                                                                         

Сарқан аудандық білім бөлімі.

Мәліметпен бөлісу: