Халық қалаулыларына – құрмет

Осыдан 25 жыл бұрын Тәуелсіздік алған қазақс-тандық қоғам өз таңдауын демократиялық ұстанымдарға жасап, жергілікті жерлердегі биліктің тағы бір тармағын-мәслихаттарды құрған болатын. Осыған орай өткен сәрсенбі күні аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы мәслихаттарының   мерейтойына орай ұйымдастырылған салтанатты жиында аудандық мәслихаттың хатшысы Қадыр Абдрахманов баяндама жасады.

Атаулы күнге орай  құттықтау сөзінде аудан әкімі Марат Разбеков билік пен халық арасына алтын көпір болып жүрген депутаттар атына жылы лебізін білдіріп, аудандық мәслихат хатшысы Қадыр Абдрахмановты  Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының 25 жылдығына орай, жергілікті өкілді органдардың қалыптасып нығаюына және өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму-ына қосқан қомақты үлесі үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен, “Қазақстан мәслихатының Құрметті депутаты” төсбелгісімен марапаттады. Сонымен қатар Қазақстан Рес-публикасы Мәслихаттарының 25 жылдығына орай жергілікті өкілетті органның және өзін-өзі басқару саласының дамуы мен қалыптасуына қосқан үлестері үшін мерекелік медальмен Жоғарғы кеңестің 12-шақы-рылымның депутаты болған Мейрамғали Қалиасқаров, бірінші шақырылымның депутаты болған еңбек ардагері Болат Рахметқалиев, аудандық ардагергер кеңесінің төрағасы Қадыл  Жанасбеков, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Садуақас Садықов, Талдықорған облыстық мәслихатының бірінші шақырылымының депутаты болған, еңбек ардагері Оралхан Даутов, Алматы облыстық мәслихатының 2-3 шақырылымының депутаты, меценат Алмас Атанов, аудандық мәслихаттың үш шақырылымының депутаты Кенжеғали Самбетов, екі шақырылымда депутат болып сайланған Болашақ Нұрахметов, Жалел Сасанбаев, Әнуәрбек Темірбаев, Шолпан Асқарғалиева, «Бабалар рухы» қоғамдық қорының төрағасы Жанат Мұқашев, әр шақырылымда аудандық мәслихат хатшылары болған Баян Дузельбаева, Марат Жәкенов, Ғалым Рахметқалиев және депутаттар корпусының бүгінгі құрамы марапатталды.

Бұдан соң “Құрмет” орденінің иегері, Сарқан ауданының Құрметті азаматы Мейрамғали Қалиасқаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қадыл Жанасбеков, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Жамал Құлахметова құттықтау лебіздерін ортаға салды.

Сол күнгі мерекелік концерт жиында бас қосқандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ж.МАҚАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: